"Еуразия" бірінші арнасының мәліметінше, Меркі ауданында Қарасу ауылының маңында жол апаты болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші теміржол өткелінен өтіп үлгермеген.
Оқиға куәгері Шерхан Абзалұлы ол жерде шлагбауым да, жұмысшылар да жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, олар өтіп кеткен соң бір минуттан кейін соқтығыстың дыбысын естіген. Дереу сол жаққа қарай жүгіргенімен, құтқаратын ешкім қалмаған. Бірден арнайы қызметке хабарлапты. "Маңғыстау – Алматы" жолаушылар пойызы жоғары жылдамдықпен келе жатқандықтан, көп тонналық локомотив жеңіл көлікті бар екпінімен соққан. Қайтыс болғандардың денелері жан-жақта шашылып жатты. Көліктен қозғалтқыш пен газ шығаратын түтік қана қалған.
Қарасу ауылының тұрғыны Еңсебек Абылғазиев бұл апатқа шлагбаумды алып тастау себеп болғанын айтты. Ол шлагбауымды қайта қоймаса, мұндай апаттар жиі болатынын алға тартты.
Қайғылы оқиға орнында жүрген Қарасу ауылының тұрғындарының арасында бұрынғы кезекші де бар. Темір жол өткелінен күзет жақында алынып тасталған екен.
Осы өткелде алты жыл кезекші болып жұмыс істедім. Уақытқа қарай шлагбаумды көтеріп, көлік қозғалысын ашып, қайта жабатынбыз. Бірде-бір апатқа жол берілмеді. Бір апта бұрын жабылды. Жабудың қажеті жоқ, мұнда көп көлік өтеді дедік. Басшылық бізге бұйрық шыққанын айтты. Мақсұт Қуанов
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы кезекшінің жоқтығына қарамастан, өткелде автоматты дабыл жүйесі орнатылғанын хабарлады. Көру жағдайлары пойыздың белгіленген жылдамдығына сәйкес келеді.
Соқтығыс кезінде болған мұндай қалың тұман есепке алынды ма, белгісіз.
1 қарашада Жамбыл облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты.