Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар жеңілдетіледі

Сурет: Zakon.kz
Министрлік мектеп формасының нұсқасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Мәселен, пиджак, жилеттің орнына тоқыма жемпір/кардиган, ал күнделікті киіп жүрген жейделерін поло жейделерге ауыстыруға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігі қолданыстағы бұйрыққа толықтыру енгізуді ұсынды. Алайда киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі керек.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримованың айтуынша, жалпы мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Бұл жерде әңгіме тізімді толықтыру және таңдау мүмкіндігін беру жайында болып отыр. Оның сөзінше, бұған дейін ата-аналар бұл мүмкіндіктің балалар үшін ыңғайлы екенін айтып, қарастыруды сұрауы себеп болған. Өйткені сабақ кезінде ресми костюм кию балалардың барлығына бірдей ыңғайлы емес.

Министрлік өлікі осы себепті балама ретінде ыңғайлырақ киіммен келуге рұқсат беру ұсынылғанын атап өтті.

Шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі және мектептің өзін-өзі басқару кеңесі қабылдайды.

Бұл толықтырулар келесі жылы мектептерде шешім қабылдауға жеткілікті уақыт болуы үшін алдын ала басталып отыр. Бірақ бұл мектептер бекітілген талаптарды міндетті түрде қайта қарауы керек дегенді білдірмейді. Бұл қажет болған жағдайда пайдалануға болатын қосымша мүмкіндік пен нұсқа ғана.Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова

Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін еске сала кетейік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты