Жигули Дайрабаевтың РҚШ жетекшісі үгіт-насихат жұмысы қарқынды жүріп жатқанын айтты

Сурет: auyl.kz
Саяси науқанда бақ сынасатын Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков үгіт-насихат жұмыстары туралы отандық телеарналардың біріне сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбековтің сөзінше, қазір үгіт-насихат жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Кандидаттың тікелей қатысуымен алты өңірде кездесу өтсе, кандидаттың сенімді өкілдерінің қатысуымен мұндай жұмыс бүкіл елді мекенді қамтыған.

Бұл ретте Төлеутай Рахымбеков "Ауыл" партиясы сайлауға жалпы дайындықты алдыңғы сайлау өте салысымен, яғни 2019 жылғы 19 маусымда бастап кеткенін атап өтті.

"Ауыл партиясы" ауылдар мен ауыл шаруашылығының ғана мәселесін шешпейді, басқа да азаматтардың, қала тұрғындарының да мәселесіне назар аударады. Қала халқының да, ауыл халқының да көтеріп отырған мәселелеріне қарап, дұрыс жолмен келе жатырмыз деп есептейміз. Төлеутай Рахымбеков

Ол сондай-ақ "Ауыл" партиясы перзиденттікке кандидат ұсынар кезде Партияның саяси кеңесінің мүшелері, президиумның мүшелері арасында терең пікір алмасу болғанын, өмірлік тәжірбиесі мол, мәселелерді шешу жолдарын жақсы білетіндіктен, Жигули Дайрабаевтың кандитатын ұсынғанын атап өтті. Оның айтуынша, Жигули Дайрабаев саясатқа жаңа келген адам емес, саясатта отыз жылдан бері жүрген адам.

Біз ұсынған кандидат тоқсаныншы жылы Қазақстан Республикасының парламентінің депутаты болған. Ол Жоғарғы кеңестің ерекшелігі – 1990 жылы 25 қазан күні "Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы" Декларацияны, 1991 жылы 16 желтоқсан күні "Қазақстанның тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңды, Қазақстанның Конституциясын, Қазақстанның тәуелсіз рәміздерін қабылдаған. Төлеутай Рахымбеков

Сөз соңында Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков журналистердің "Жаңа Қазақстан" идеясы турасындағы сұраққа да жауап беріп өтті.

Ол "Жаңа Қазақстан" деген саяси тұрақты, экономикасы гүлденген, әлеуметтік әділетті Қазақстан болу керек екенін айтты.

"Осы үш мәселе шешілсе, әлеуметтік әділеттілік орнайды", – деп ойын түйіндеді Төлеутай Рахымбеков.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты