Түркістан облысында браконьер Қызыл кітапқа енген арқарды өлтірді

Сурет: pixabay
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген арқарды өлтірген браконьер ұсталды. Облыстық полицияның Zakon.kz сайтына хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, табиғатты қорғау тобының инспекторы таулы аймақта ер адамды байқаған. Оның сөмкесі плицейлердің күдігін туғызған.

Сөмкенің ішінен белгісіз жануардың жаңа сойылған еті шыққан.

Ұсталған адам ол арқардың өлексесі екенін айтқан. Оны жас жігітт иттерімен ұстапты.

Сөзінше, ол арқардың етін боршалап келе жатқанда, полицейге ұсталған.

Қазіргі уақытта бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы – "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша тіркелді.

Арқар Орталық Азияның таулы аймақтарында мекендейді. Қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының қорғауында, сонымен қатар Қызыл кітапқа енген жануар.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз