Тоқаев шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесті

4 қараша күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуден ҚР Президентінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, соның ішінде Қазақстан күшті Парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшу үшін нақты қадам жасағанын атап өтті. Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі артқанын тілге тиек етті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі мен мәртебесінің артуы Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін күшейтуге, Омбудсменнің өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуге және осы институттың мемлекеттік билік пен қоғамдағы рөлін нығайтуға ықпал етеді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда Мемлекет басшысы саясатымызда "біз әртүрліміз, бірақ теңбіз" деген постулатты ұстанатынымзды айтты.

Түптеп келгенде, елімізде дамыған парламенттік дәстүрі бар президенттік республика қалыптасуы керек.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ Қазақстан ашық экономика қағидатына берік болып қала беретінін жеткізді. Президенттің сөзінше, еліміз әлемнің 180 елімен сауда жасайды. Жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан, біздің шикізаттық емес экспортымыз шамамен 40 пайызға өсті.

Біз алдағы уақытта да инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз. Биылғы 6 айда шетелдік серіктестеріміз еліміздің экономикасына шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайызға көп.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: