Тоқаев Маңғыстау облысындағы жолдарды жөндеуді тапсырды

Сурет: Zakon.kz
7 қарашада Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі жол құрылысы мәселесін сөз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға ерекше мән береміз. Мен бұған дейін Бейнеу – Шалқар тас жолы құрылысының маңыздылығы жөнінде айттым. Жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Үкіметке құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды жедел дайындауды тапсырамын. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент өңір тұрғындары облыстық деңгейдегі жолдың сапасы жөнінде жиі шағым айтатынын тілге тиек етті.

Үкімет әкімдікпен бірлесіп, Ақтау – Форт-Шевченко, Таушық – Шетпе жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісуі керек.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының сөзінше, "Жол сапасы – әр аймақтың даму деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі".

Азаматтар дамудың нәтижесін жиналыстарда емес, күнделікті өмірде көріп, сезінуі қажет. Сондықтан экономиканың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін облыстың инвестициялық әлеуетін арттырған жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты