Алматыда болған жол апатының куәгері автобустар қалай соғылғанын айтып берді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жолаушылар автобусы бір-біріне соғылды. Оқиға куәгері оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 201-бағыттағы автобус Төле би көшесінің бойымен тура келе жатқан, ал сол кезде екінші автобус Абылай хан көшесімен жоғары көтеріліп келе жатыпты.

201 жол бермей, екінші автобустың бүйіріне соғылды, жол жиегінде екі адам тұрған, олар тіпті түсінбей қалды, автобус сол адамдарды қағып өтіп, ағашқа соғылды. Бағдаршам істемей тұрды, рететуші болған жоқ. 10-нан астам адам зардап шекті, – деді оқиға куәгері.

Оқиға орнына құтқару қызметінің қызметкерлері келіп, зардап шеккендерді автобус астынан шығаруға кірісті.

Сурет: Zakon.kz

Алматыда 8 қарашада Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус бір-біріне соғылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз