Қазақстандық әуе компания рейстер кешігіп, кейінге шегерілуі мүмкін екенін ескертті

Сурет: Zakon.kz
9 қарашада Air Astana Telegram-арнасында қысқы маусымда рейстердің кешігу немесе тоқтатылу ықтималдығы арта түсетіні туралы ақпарат жарияланды. 30 қазаннан бастап әуе компаниясы 25 наурызға дейін жалғасатын күзгі-қысқы навигацияға көшкені мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазбада авиациядағы бұл кезең қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ең қиын кезең болып саналатыны ескертілген. Қолайсыз ауа райы рейстердің жиі кешігуіне және тоқтатылуына әкеп соқтырады.

Жолаушыларға авиакомпания салқын сусындарды әр 2 сағат сайын мына жағдайларда берілетіні ескертілді:

Рейс төрт сағат кешіккен жағдайда, жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Егер рейстің кешігуі күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан асса, тасымалдаушы қонақүйде тұруды және әуежайдан қонақүйге және кері трансферді қамтамасыз етеді, – деп мәлімдеді әуе компанияның баспасөз қызметі.

Одан әрі тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтатылған немесе он сағаттан астам кешіктірілген жағдайда, жолаушының таңдауы бойынша тасымалдаушы келесі рейспен оны билетте көрсетілген баратын жеріне дейін тасымалдауды қамтамасыз ететіні немесе жолаушыға билеттің толық құнын қайтаратыны жазылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс