10 қарашадағы саудада доллар бағамы айтарлықтай өсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,69 теңгеге көтеріліп, 469,42 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,63 теңгеге (+0,02) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,57 теңге (+0,46) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 467,72 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 468-472 теңге, еуро 466-473 теңге, ресей рублі 7,15-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.

10 қарашадағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы өзгермеді деуге болады.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,02%-ға өсіп, барреліне 92,67 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,07%-ға төмендеп, барреліне 85,77 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз