"Риддер ЖЭО-ның" бас қазандығындағы апат жойылды

Сурет: Zakon.kz
"Риддер ЖЭО-ның" №6 қазандығындағы апат жойылды. Бүгін қазандық желіге қосылып, жылу беріле бастайды. Риддерліктердің үйлерінде температуралық режим қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ЖЭО штабына сілтеме жасап.

Кеше Риддер жылу орталығына қарасты №6 жоғары қысымды қазандық апатты жағдайға байланысты тоқтап қалды. Төтенше жағдай жөніндегі штабтың мәліметінше, 11 қараша күні таңғы сағат 8:00-де жылу электр орталығында ауа температурасы +57...+44°С. Сыртқы ауа температурасы 2°C болды.

Багер жылу орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. №6 қазандықтағы апат жойылды. Гидравликалық сынақтар жүргізілді. Ал сағат 8:00-де қазандық агрегатын қыздыру басталды. Алдағы сағаттарда қазандық желіге қосылып, жылу беріле бастайды. Қалада энергия тұтыну 9 МВт (бұрын 12-19 МВт болатын). Бұл үйлердегі температуралық режим қалпына келе бастағанын және тұрғындардың электр құралдарын аз пайдалана бастағанын көрсетеді, - делінген штаб таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар Риддер ЖЭО-ға 4 цистерна мазут жеткізілді.

5 қарашада сағат 20:00-де "Риддер-ЖЭО" АҚ-да күл шығару жүйесінде сорғы істен шығып, №1 қазандық блогының қосалқы жабдықтары апатты жағдайда тоқтатылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді