Жетісу облысында екі адамды қаққан көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Сурет: Zakon.kz
10 қараша күні Жаркент қаласындағы Әлиев көшесінде көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, салдарынан 28 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, Жаркент полицейлері адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасынан қашып кеткен 31 жастағы Toyota Camry 10 жүргізушісін анықтап, ұстады. Қатты соққыдан оқиға орнында автокөліктің мемлекеттік нөмірі (МТНБ) түсіп қалған.Полицейлер күдіктіні сол арқылы анықтаған.

Панфилов ауданының полиция бөлімі жаяу жүргіншілерді көршілес Алматы облысының 31 жастағы тұрғыны қағып кеткенін мәлімдеді.

Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұған дейін бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған азамат қазір полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жол апатынан аман қалған 34 жастағы ер адам дәрігерлердің бақылауында.

Тергеу қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді