Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің сегіз өңірінде ескерту жарияланды

Сурет: pixnio
12 қарашада Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік шығысында тұман түседі.

Қарағандыда жел соғады, көктайғақ орын алады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста - 23-28 м/с.

Петропавлда қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады, боран соғады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аумақтары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі.

Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарына қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында боран соғып, көктайғақ болады.

Күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, облыстың солтүстігінде боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жел тұрады деп күтіледі.

Орал қаласында күндіз көктайғақ орын алады, жел соғады деп күтіледі.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде және Атырау қаласында тұман түсетіні болжанады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды