Елімізде күн суытады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда ауа температурасы төмендейді. Синоптиктер 2022 жылғы 15-17 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың барлық аумағында бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі, екпіні секундына 15-28 метр болатын жел соғады.

Қарағанды, Жамбыл облыстарында 15 қарашада жел күшейеді – секундына 30 метр және одан да жоғары.

17 қарашадан кейін жауын-шашынның тоқтауы және температуралық фонның төмендеуі мүмкін. Ауа температурасы түнде солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 10-20 градус аязға дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 2-10 градусқа дейін, таулы аймақтарда минус 10-15 градусқа дейін аяз болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз