Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы 70 пайызға дейін көтеріледі

15 қарашада үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы осыдан үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі алғаш көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алғанын атап өтті.

"Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылған". Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин

Министр қатардағы, яғни қызметке енді ғана кірісіп жатқандар үшін ең жоғары 70 пайыздық өсім қарастырылғанын атап өтті. Басқарушы құрамға 10% – бұл өрт сөндіру қызметінің басшылары, бөлімше басшылары.

Сондай-ақ журналистер Юрий Ильиннен "Жалақыңыз көтеріле ме?" деп сұрады.

"Жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі басшылығының жалақысы көтерілмейді, саяси қызметкерлер үшін бұл мәселе қарастырылмаған", - деп жауап берді ТЖМ басшысы.
Ильин Юрий
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: