"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу ережесі өзгерді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулы мәтінінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және қоғам қайраткерлері арасынан конкурсты дайындау және өткізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылатыны жазылған.

Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия облыстарда, қалаларда, аудандарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімімен мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері және өткен жылдардағы конкурс лауреаттары арасынан құрылады.

Конкурсқа қатысқысы келетін отбасы нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қағаз немесе электрондық нұсқада беріледі.

Өтініммен бірге тапсырылатын құжаттар:

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық немесе қалалық комиссияның төрағасы куәландырады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар бір жеңімпаз отбасын айқындау жөнінде шешім қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпаздарын және конкурс жеңімпазы деп танылмаған қатысушыларды конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссияның хаттамасынан үзінді ұсына отырып, хатпен хабардар етеді.

Қаулы 2022 жылғы 28 қарашада күшіне енеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: