Қазақстанның үш өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздегі 19 қарашадағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса жел соғады, түнде облыстың солтүстік батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі. Оңтүстік батыстан жел соғады, тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шымкент пен Түркістанда синоптиктер тұман болады деп болжайды.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Түнде және таңертең аймақтың батысында тұман түсуі мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Петропавлда батыстан, солтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды