Жұмада еліміздің бірқатар өңірінде қар жауатыны, тұман, көктайғақ болатыны болжанды

Сурет: pixabay
25 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің жеті облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Синоптиктер түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болатынын болжайды. Өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік шығысында тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында боран соғып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстік шығысын қалың қар басады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан соққан желдің 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жетеді. Өскеменде күндіз боран соғады. Күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың оңтүстігін қалың қар басады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, боран болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында аздап тұман болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін