Әйелдердің зейнетке шығу жасы 58-ге дейін төмендетілетіні туралы ақпарат – фейк

ҚР ЕХӘҚМ 2023 жылы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні, сондай-ақ Қазақстанда 13-ші зейнетақы төлемінің енгізілетіні туралы месенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі ақпаратта бұл президенттің жарлығы екені қадап айтылған.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік Қазақстанда 13-ші зейнетақы төлемі енгізілетіні туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған шешіміне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнеткерлік жасты кезең-кезеңімен арттыру 5 жыл мерзімге 61 жас деңгейінде тоқтатылады. ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Зейнетақы төлемдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын аудару есебінен қалыптастырылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) төлемдер арқылы жүзеге асырылатыны хабарланады.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық және ынтымақты зейнетақы) 108 993 теңгені құрады (БЖЗҚ төлемдерін есепке алмағанда).

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады. ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: