Жетісу облысында қатты жауын-шашын (негізінен қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктерінде қар ұшқындап, боран соғады, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Алматы мен Қонаев қалаларында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман болады. Облыстың орталығында, шығысында, батысында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада солтүстік шығыстан жел соғады, күндіз соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
26 қарашада Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында және тау бөктерінде, сондай-ақ 27-28 қарашада өңірдің оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Шымкент пен Түркістанда да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және Атырау қаласында шығыстан, оңтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында солтүстік шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстік батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында – боран, көктайғақ. Солтүстіктен, солтүстік шығыстан жел соғады.
Абай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың шығысына, оңтүстігіне қалың қар түсіп, боран соғады. Семейде ауа температурасы -21-...-23°С-ге дейін күрт төмендейді деп болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, түнде облыстың солтүстігіне, шығысына қалың қар түсіп, боран соғады. Өскеменде ауа температурасы -18...-20°С-ге дейін күрт төмендейді деп болжанады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
26-27 қарашада Жамбыл облысының солтүстік шығысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Таразда 26-27 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Қостанай қаласында тұман түседі деп күтіледі.