Қазақстанда ЖИТС-пен ауыратын азаматтар бала асырап ала алады

Сурет: unsplash
ҚР Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 23 қарашадағы бұйрығымен Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бұл тізімнен жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) сияқты ауру алынып тасталды.

Балаларды асырап алуға немесе қамқорлыққа алуға болмайтын аурулардың тізімінде психикалық аурулар (невроздық, күйзеліспен байланысты және соматоформалық бұзылулардан басқа), маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, туберкулез, жыныстық жолмен жұғатын аурулар, алапес, дәнекер ұлпалар дезорганизациясының ауыр түрі (жүйелі қызыл жегі, терінің қатаюы, дерматомиозит), ауыр дерматоз түрлері, сырттан үнемі көмек пен күтімді қажет ететін аурулар бар.

Бұйрық 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді