Елімізде жалға берілетін баспана арзандады

Сурет: pexels
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы біртіндеп түсіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Krisha.kz басылымының жазуынша, мониторинг жүргізілген 11 қалада қарашаның 24-і мен желтоқсанның 1-і аралығындағы бір аптада тарифтер төмендеген.

Соның ішінде: Оралда – 6,2 пайыз, 1 шаршы метрі 2 708 теңгеге дейін; Қостанайда – 4,7 пайыз, 3174 теңгеге дейін; Петропавлда – 4,7 пайыз, 2600 теңгеге дейін; Алматыда – 3,1 пайыз, 6250 теңгеге дейін; Астанада – 2,5 пайыз, 4062 теңгеге дейін.

Сарапшылардың сөзінше, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалға алу бағасы қыркүйектің басындағы деңгейге жеткен жоқ.

Ең үлкен алшақтық Қостанай (+24,6 пайыз), Павлодар (+16,9 пайыз), Алматы (+16,1 пайыз), Астана (+11,7 пайыз) қалаларында байқалды.

Қарағандыда, Ақтөбеде, Ақтауда, Атырауда дерлік қалыпқа келді деуге болады, қыркүйекпен салыстырғанда айырмашылық 5 пайыздан аспайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз