2 желтоқсандағы саудада доллар қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,73 теңгеге көтеріліп, 468,98 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 66,55 теңге (+0,14) болды.

Еуро мен Ресей рублімен сауда жасалған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 489,06 теңге, рубльді 7,66 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 468,5-472 теңге, еуро – 493-498 теңге, ресей рублі – 7,32-7,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 2 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,23%-ға өсіп, барреліне 87,08 доллар болды.

АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 0,07%-ға өсіп, барреліне 81,28 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды