Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлер үшін арнайы салық енгізіледі

Сурет: pexels
Қазақстанда такси жүргізушілері мен онлайн қызмет көрсететін курьерлер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл туралы үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, түзетулер жаңа Әлеуметтік кодекс жобасына енгізілген.

Осылайша Салық кодексіне шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне бірыңғай міндетті төлемді енгізуге қатысты түзетулер енгізіліп жатыр. Келесі жылы салық жүктемесін 33-тен 20%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

"Еңбек қызметін Яндекс Такси, Глово және т.б. сияқты онлайн платформалар арқылы жүзеге асыратын тұлғалар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Сонымен бірге салық агенттері тиісті төлемдерді жүзеге асыратын онлайн платформа операторларын анықтауы керек".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова

Сонымен қатар қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету қарастырылған. Тарифтердің ең төменгі және максималды мәндері болады. Бұл мәндерді таңдау өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттардың және кәсіптік аурулардың деңгейіне байланысты болады.

"Тарифтерді төмендету бойынша қабылданған шаралар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру ұйымдарынан төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтумен ұштасады. Осылайша келесі жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтар 6 айға дейін бұрынғы табысының 45% мөлшерінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алады", - деп толықтырды Тамара Дүйсенова.

9 қыркүйекте жеке тасымалдаумен айналысатын қазақстандықтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек екені белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді