Еңбек министрі Қазақстандағы кедейлік деңгейі туралы айтты

Сурет: Zakon.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елдегі кедейлік деңгейіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Барлық елде кедейлік бар. Абсолютті кедейлік және салыстырмалы кедейлік бар. Егер Қазақстанды қарастырсақ, бұл жерде салыстырмалы (кедейлік). Жалақы өсіп жатыр, сонымен бірге әлеуметтік төлемдер, қажеттілік пен баға да өсіп жатыр. "Кедейлік болмайды, кедейлік жоқ" дей алмаймыз. Дегенмен адамдарды қолдап, кедейліктің болмауына көмектесуге болады".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова

Министрдің айтуынша, кейбір қазақстандықтар әлеуметтік көмектің бар екенін білмейді. Ол көпбалалы қазақ отбасыларының біріне қатысты жағдайды айтып, ерлі-зайыптылардың айына 110 мың теңгеге жуық ақшасын алмағанын айтты.

"Мен көпбалалы отбасында болдым. Олар ай сайын жәрдемақы ретінде шамамен 110 мың теңге алуға тиіс еді. Отбасы оны білмей, 20 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Енді алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілмек. Бізде Қазақстанда 200-ден астам заң бар. Әркім өз құқығын білуі керек, нені талап ете алатынын білуі керек. Сосын таңдау - өз еркі".Тамара Дүйсенова

Бұған дейін мәжілістегі үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары орташа табысқа байланысты алынатынын мәлімдеген еді. Мұндай өзгерістер Әлеуметтік кодекс жобасында қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты