Бұл ретте, осы жылдың тамыз айында жартылай фабрикатталған өнімдерді дайындайтын "Айша-Бибі" кәсіпкерлік нысаны Қызылорда қаласында жұмысын қолға алды. Онда түшпара, манты самса, жайма және басқа да өнімдер дайындалады.
Ұлпан Жаппасбаева биыл кәсібін кеңейту мақсатында "Микробизнес Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығынан" 6 пайыздық мөлшерлемемен 3,5 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.
Сурет: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы
Қазіргі кезде цехта жартылай фабрикатталған өнімнің 11 түрін өндіріп, қаладағы 20–дан астам бөлшек сауда желілерін қамтамасыз етуде.
Сурет: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы
"Кәсіп бастағанда тек үш түрлі өнім шығардық. Әлеуметтік желіде парақша ашып, тұтынушылармен тұрақты байланыс орнатудамыз. Ал қазір қала тұрғындарына едәуір танылып, өнім 11-ге дейін ұлғайттық. Күніне әр тауар түрінен 10-15 килограмм өнім өндіріледі. Ең жоғары сұранысқа ие өніміміз – тұшпара мен жайма. Өнім сапасын куәландыратын лицензия алдық. "Ақырын жүріп, анық бас" демекші, алдағы уақытта кондитерлік өнім түрлерін шығаруды жоспарлаудамыз", – дейді кәсіпкер.
Дайындалуы қиын, бірақ дәмді тағам түрін өндіру қажырлы еңбек пен табандылықты талап ететінін атап өткен жөн.