Атырауда ер адам ұрланған көлік ішінде 13 жастағы қызды зорламақ болды

Сурет: Zakon.kz
Атырауда ер адам біреудің Reno Duster көлігін айдап әкетіп, оның ішінде 13 жастағы қызды зорламақ болды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, бұл жағдай Авангард ықшамауданда болған.

"Reno Duster көлігін айдап кеткен ер адам көпқабатты үйлердің ауласына жасырынып, 13 жастағы қызды зорламақ болған". Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Күдіктіні Атырау облысы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "қылмыс жасамақ болған кезде" ұстады.

"Кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі (Зорлау) бойынша тергеу басталды". Атырау облысы ДП баспасөз қызметі
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады