Алматы көшелеріндегі қарды күреуге 400-ден астам техника шықты

Сурет: Zakon.kz
9 желтоқсан күні таңертең Алматыда қар жауды. Ауа райы болжамы бойынша қар кешке дейін жауады. Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қар күреу қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарда айтылғандай, қар жауа бастаған сәттен бастап көктайғақ құбылыстарының алдын алу үшін жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Қазірдің өзінде 152 тонна материал игерілді.

Сонымен қатар жалпы аумақтарды, тротуарларды, велосипед жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, биік және жерасты өткелдерінде қарды күреп жатыр. Барлығы 467 арнайы техника мен 1094 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Аудан әкімдіктерінде қар күреу өндірісін бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша кешке дейін қар жауады. 10-12 желтоқсан аралығында жауын-шашын болмайды.

Бұған дейін синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар түседі.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді