Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК ұсынған болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың батысына, солтүстік-батысына, орталығына ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады."Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жаяу бұрқасын болады, еліміздің солтүстік-батысына, оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына тұман түседі.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -15-17°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашыныз. Жел 0-5 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде -13-15°С, күндіз -8-10°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашыныз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -14-16°С, күндіз -1-3°С болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды