10 айда Қазақстаннан 22 мыңға жуық адам кетті

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылғы қаңтар-қазанда елімізге тұрғылықты тұруға 12 926 адам тіркелді, елімізден 21 875 адам кетті, көші-қонның айырымы -8 949 адам болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистиктердің мәлімдеуінше, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,0%  және 84,4% болды.

Ал ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3,2%-ға өскен.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық қоныс аударып жатқан өңірлер: Алматы (30 388 адам), Астана (29 086 адам) және Шымкент (2  311 адам) қалалары.

Қазақстан
ТМД

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз