Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты мына жол учаскелерінде шектеулер енгізілді:
1. Омбы-Майқапшағай:
- 587-733 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралық;
- 756-906 шақырым аралығы , Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралық.
2. Семей-Ресей шекарасы, 3-113 шақырым аралығы, Семей қаласынан Ресей шекарасына дейін.
3. Семей-Қайнар тас жолының 8-266 шақырым аралығы, Семей қаласынан Қайнар ауылына дейін.
4. Өскемен-Семей тас жолының 10-198 шақырым аралығы, Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейін.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты мына тас жолдарда шектеу енгізілді:
1. Өскемен-Семей тас жолының 10-198 шақырым аралығы, Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі учаске.
2. Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы тас жолының 15-102,105-123 шақырым аралықтары, Глубокое ауылынан Ресей шекарасына дейінгі учаске.
Павлодар облысында Абай облысындағы ауаирайының нашарлауына байланысты Омбы-Майқапшағай тас жолының 427-587 шақырым аралығы, Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскеде жолаушылар автобустары мен дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.