ІІМ өкілі шетелдік автокөлікті заңдастыру жолын түсіндіріп берді

Сурет: pexels
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев 15 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелдік автокөлікті заңдастыру алгоритмін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайсар Сұлтанбаев барлық құжаттарды ретке келтіру керек екенін атап өтті.


"Егер сіз Ресейден көлік әкелген болсаңыз, онда сізде көлікті шынымен де сол жерден сатып алғаныңызды және тіркеуден шығарғаныңызды растайтын құжаттарыңыз болуы керек. Сонан соң осы жаққа әкелдіңіз, бірақ утиль алымды төлей алмадыңыз, сондықтан көлікті толық рәсімдеместен, айдауға тура келді  Дұрыс па? Бұл құжаттар болса, оны мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында тексереміз". Қайсар Сұлтанбаев

Оның айтуынша,егер құжаттары дұрыс болса, көлік мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы нөмір агрегаты бекетінде тексеруден өту керек.

"Нөмір агрегатының сәйкестігін тексереміз, содан кейін көлік ұрланған ба немесе кепілде тұрған жоқ па, соны тексереміз. Егер көлік "таза" болса, онда иесі қажет 200 мың теңге мен мемлекеттік нөмір мен техникалық құжат алуға 13 мың теңгедей төлеп келеді. Сонан соң оған қазақстандық нөмір мен тіркеу куәлігі беріледі. Қандай жағдайда да заңдастыру керек, бір көлікті екі жерде тіркей алмайсыз. Сондықтан барып, тіркеуден шығарып келуге тура келеді". Қайсар Сұлтанбаев


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты