"Хабар 24" арнасының мәлімдеуінше, сондай ауылдардың бірі – Бәйтерек өңіріндегі Кожевниково ауылы. Ол ауылда бір ғана отбасы қалды.
Ауылдың бұрынғы тұрғындарының сөзінше, бұрын бұл ауылда 150-дей шаруашылық болған. Ал қазір ауыл халқы тарап кетті, кейбірі үйін бұзып алып кетсе, көбі бос тастап кеткен.
Қазір бұл ауылда Агафоновтар отбасы ғана тұрып жатыр. Үй иесі 68 жаста. Виктор Агафонов осы ауылда туып-өскен. Шаруашылықта тракторшы болып жұмыс істеген. Мұнда ол отбасын құрып, бала өсірді. Ұлдары қазір жергілікті шаруаларда жұмыс істейді.
Оның айтуынша, олар суды құдықтан алады. Бір бидон бір күнге жетеді.
"Ауыл үлкен еді. Клуб, мектеп болды. Мектеп жабылды, жастар кете бастады. Совхоз тараған кезде Ждановқа қариялар көптеп көшіп келді". Виктор Агафонов
"Неге көшіп кетпедіңіз?" деген сұраққа Виктор: "Кетуге болар еді, бірақ қайда барам? Ақша жоқ. Бұл үйді менен кім сатып алады?" деп жауап берді.
Ауылда ең қиыны қыс мезгілі: жолдар тазаланбайды, сыртқы әлеммен жалғыз байланыс – стационарлық телефон. Ауыл электр жарығынан басқа өркениет игілігінен тыс қалған.
Үш жыл ішінде жағдай өзгермесе, ауыл тарайды. Болашағы жоқ деп саналатын халқы 50-ден аспайтын тағы 49 елді мекенді де дәл осындай тағдыр күтіп тұр.
"Ауданның жергілікті атқарушы органдары үш жылдан кейін: не сәйкессіз ауылдарды таратау, не кеңейту, әкімшілік бағыныстылығын өзгерту, ірілендіру туралы шешім қабылдауы керек, не 50 адамнан аз елді мекендерде халық санын көбейту шараларын қабылдауы керек". Раиса Еркеғалиева, БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы