Министрлік Қазақстандықтарға мерекеде электр энергиясын үнемдеуді кеңес етті

Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздің энергетикалық жүйесінде тапшылық болып жатқанын айтып, қазақстандықтарға мереке күндері электр энергиясын үнемдеп тұтынуды кеңес етті, деп хабарлайды Zakon.kz

Энергетика министрінің айтуынша, қазақстандық энергетика жүйесіндегі тапшылық Ресейден келетін ағынмен байланысты, кешкі және таңғы уақытта көп пайдаланғаннан болады.

"Бірнеше күн мереке және демалыс болған кезде электр энергиясын пайдалану артады. Сондықтан электр құрылғыларына абай болу ұсынылады. Ақылға қонымды тұтыну керек. Кейбір электр құрылғыларын қосулы күйінде қалдырудың қажеті жоқ болса, өшірген дұрыс".Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Бұл ретте ол Қазақстанның энергетика жүйесі максималды тұтынуды өтей алатынын, тапшылыққа байланысты электр қуатының үзілуі болмайтынына сендірді.

Желтоқсанның 14-і күні Болат Ақшолақов Қазақстанда барлық жылу электр стансалары мен жылу желілеріне аудит 2023 жылдың басында аяқталатынын айтты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі