Бас прокурор Берік Асылов 20 мың террорист қайдан шыққанын айтты

Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті мәжілісінің кулуарынды Бас прокурор Берік Асылов 20 мың террорист сол күйі табылмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезіндегі  лаңкестер туралы сұраққа жауап берген Бас прокурор сол күндері түрлі ақпарат түскенін, сол ақпараттардың ішінде  терроистер саны 20 мыңға жуық екені айтылғанын атап өтті.


"Құқық бұзушылардың әрекетінен ол күндері бұл шынымен де солай болып көрінді, соның ішінде халықтан да шетелдік қылмыскерлер туралы, арасында қырғыз, өзбек тілдерінде сөйлейтіндер бар деген ақпарат түсті. Шабуыл жасаушылардың барлығы қоғамға террорист болып сезілді". Берік Асылов

Оның айтуынша, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде кім террорист, кім террорист емес екенін анықтау қиынға соққан.


"Сіздерге айтарым, лаңкестік әрекет жасаған адамдардың бәрі лаңкес болып саналады. Оның сақал қойып немесе автоматпен жүгіруі шарт  емес. Бірден айтамын, террористерресми түрде террорист екенін мәлімдеген жоқ. Олардың қиратқан, өртеген, әкімдікті басып алған барлық әрекетін біз лаңкестік әрекет деп санаймыз және оларды террористер деп есептейміз". Берік Асылов

2022 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының бұрынғы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыға 20 мыңға жуық лаңкес келгенін хабарлады.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді