Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қандай жолдар жабылды

Сурет: Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстанда боранға байланысты республикалық автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысында автокөліктің барлық түрі үшін "Жезқазған-Петропавл" автожолының екі учаскесі, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін және Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін жабылды.

Ұлытау облысында Жезді кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі "Жезқазған-Петропавл" автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы сонымен бірге Ақмола, Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында да бірқатар жол жабылғанын хабарлады. Мұны компанияның  Telegram-каналынан көруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады