Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, тұрғындардың наразылығына газбен жабдықтаушы компаниялардың тарифтерінің айырмашылығы себеп болған.
"Алматыгазсервис-холдинг" АҚ-да тұрғындар үшін табиғи газдың бір текше метрі 26-27 теңге болса, "Сигма Газ" ЖШС-де 34,75 теңге болып отыр. ЖШС бұл жүйені Қарасай ауданындағы Шамалған, Жандосов, Шалқар елді мекендеріне, Қайрат, Еңбекші, Құмарал, Үштерек және Арай, Дархан саяжайларында енгізіп жатыр. Жалпы абонеттер саны - 9906".Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округінің әкімдігі де "Сигма Газ" ЖШС ұсынған көгілдір отынның тарифінің көтерілуіне наразы тұрғындардың жиынын түсіндірді.
"Ауылдағы көгілдір отынның тарифі 34,75 теңге/м³, Қаскелеңдегі газдың тарифі 26,89 теңге/м³", - делінген министрліктің хабарламасында.
Әкімдіктің мәліметінше, желтоқсан айында газды тұтыну көлемі 1,5-2 есе өсті. Сонымен қатар аудан тұрғындарын үш мекеме көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырғаны айтылады: "Тәуекел" ЖШС, "Алматыгазсервис-холдинг" АҚ және "Сигма Газ" ЖШС.
"ҚР ішкі нарығында тауарлық газды көтерме өткізуге шекті бағаларды бекіту туралы" Энергетика министрлігінің 172 -бұйрығына сүйене отырып, газ жеткізуші тарифті көтерді. "Сигма Газ" ЖШС-нің тарифі мен қосылу тарифтерінің қалыптасуын тексеру үшін құрамына аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар департаменті, қоғам өкілдері және басқармалар кіретін жұмыс комиссиясы құрылсын".Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округі әкімдігінің баспасөз қызметі
Акцияның өтетін орны нақтыланғаннан кейін "Сигма Газ" ЖШС құрылуын тексеру үшін құрамында аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар департаменті және қоғам өкілдерінен жұмыс комиссиясын құру туралы шешім қабылданды.
Ведомство 25 қаңтарға дейін комиссия атқарылған жұмыс туралы есеп береді деп қорытындылады.