Қазақстанның алты өңірінде қатты аяз, тұман, боран болады деп болжанады

Сурет: pixabay
12 қаңтарда еліміздің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік батыстан солтүстік шығысқа ойыса соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың көп бөлігінде сынап бағаны 30-33 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады деп күтіледі. Таразда тұман, түнде 28-30 градусқа дейін қатты аяз болады деп күтіледі.


Түнде Түркістан облысының басым бөлігінде сынап бағаны 25-27 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады деп күтіледі. Шымкентте түнде қатты аяз болады: -25°C. Түркістан қаласында түнде 25-27 градус қатты аяз болады деп күтіледі.


Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны 19-24 градус аязды көрсетеді.  Облыстың орталығында, оңтүстігінде оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с жетеді. Ақтауда оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Павлодар облысының оңтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында солтүстік шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с, кей тұста 23-28 м/с, ал түнде 30 м/с немесе одан да көп көлемді құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз