Димаштың анасы отбасылық фото жариялады

Сурет: Instagram/sveta_aitbaeva73
Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева Instagram-дағы парақшасына отбасылық фото жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотода отбасының барлық мүшесі жиналған: Қанат пен Светлана Айтбаева, олардың балалары Димаш, Раушан және Әбілмансұр Құдайбергендер.

"Отбасыларыңызға амандық тілейміз!" – деп жазды Димаштың анасы фотоның сипаттамасына.


Фото Светлана Айтбаеваның жанкүйерлерін елең еткізді. Олар Димаштың анасына жарияланған фото үшін алғысын білдіріп, отбасына бақыт, денсаулық, бақ-береке, махаббат тіледі:

2023 жылдың 6 қаңтарында Димаш Құдайберген қарындасы Раушан мен інісі Әбілмансұрмен бірге түсірген видеосын жариялады. Құдайбергендер бірігіп, "Together" әніне бейнебаян түсіріп жатқанын айтты. Ол жақын арада YouTube және басқа да платформаларда жарық көреді.

Светлана Айтбаева – әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, мәдениет қайраткері.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз