Қостанай облысында 36 перзенті бар ерлі-зайыпты тағы 20 бала асырап алғысы келеді

Қостанай облысында бір отбасында 36 бала өсіп жатыр. Ерлі-зайыпты Шукуровтар кейінгі бес жылда балалар үйінен 33 бала асырап алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарына қарағанда, Рустам Шукуров пен Муззама Мансурова көпбалалы отбасында өскен. Өздері де баласының көп болуын армандаған. Алты сәбиінің үшеуі шетінеп кеткен соң балалар үйіне 7 бала асырап алған. Кейін тағы 26 сәбиді бауырға басқан.

"Жасыратыны жоқ. Басында сәл қиналдық. Тәжірибе болмады. Кейін ақырындап үйреніп алдық".  Рустам Шукуров

Татар, орыс, украин, қазақ, сыған балалары тату-тәтті бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатыр. Үйдің үлкендері іні-қарындастарына қарайласып, үй тапсырмасын орындауға көмектеседі. Бұл үйден түлеп ұшқандар да бауырлары мен ата-анасына жиі келіп тұрады.

"Бір-бірімізді түсінеміз. Ренжісіп қалсақ та, тез татуласамыз. Көмектемесіз. Ата-анамыз өте жақсы кісілер. Жиі отбасылық жиын, мерекелік шаралар ұйымдастырып тұрады. Кәдімгі өз үйімізде жүргендей алаңсыз өмір сүріп жатырмыз". Евдокия Номоконова, студент

Шукуровтардың үйі 500 шаршы метрден асады. Алдағы уақытта бірнеше үлкен үй салуды жоспарлап отыр. Көпбалалы отбасының шағын шаруашылығы бар. Бау-бақшада өсірілген өз өнімдерін тұтынады. Күн сайын отбасыға 30 бөлке нан керек.

"Балалардың қарны тоқ. Киімі көк. Ешкімге қол жайып көмек сұраған емес. Тіпті "Мектепке жол" акциясынан да бас тартып келеді. 23 баласы мектепте оқиды, тағы төртеуі студент. Біреуі университетте, үшеуі колледжде оқып жатыр. Бұл отбасы балалардың оқуына ерекше көңіл бөледі",- дейді білім бөлімінің мамандары.  Евдокия Номоконова, студент

Шукуровтар отбасы тағы да 20 баланы асырап алғысы келеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: