Алтайда құтқарушылар өрт кезінде 6 адамды эвакуациялады

Сурет: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының Матросов көшесінде екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар 6 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші қабатта орналасқан пәтердің зал бөлмесінде жеке заттар, жиһаздар, төбенің ағаш конструкциялары жанып кетті. Өрт сөндірушілер түтіннен қорғау қызметінің буынын құрды, ол түтін үй-жайына еніп, 6 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Өрт 9 шаршы метр алаңда сөндірілді. Барлығы 3 бірлік техника және жеке құрамнан 7 адам жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі - мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

"Тұтанып тұрған папиростың максимал температурасы 300-420° аралығында, жану ұзақтығы 4-8 минут. Темекі жарты сағат бойы бықсуы мүмкін, сол кездегі оның температурасы 310-320° болады. Одан кейін ол сөнеді, бірақ бұған дейін ол түскен материалдың тұтанып кетуіне себепші болуы мүмкін. 1-4 сағат ішінде жаңа жану ошағы (материалдың қасиеттеріне және жылу беру жағдайларына байланысты) өртке айналуы мүмкін", - деді ШҚО ТЖД өкілі Нұржан Өміржанов.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды