Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 167 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Сурет: Zakon.kz
Сейсмологтар жер сілкінісін 17 қаңтарда 1 сағат 47 минут 49 секундта тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 167 шақырым жерде Қырғызстан аумағында, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, магнитудасы MPV 4,1, жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,2 болды. Эпицентр координаттары - 42,31°, 78,56°. Тереңдігі - 5 км.
Сезімталдық туралы хабарлама болған жоқ.

10 қаңтар күні сағат 04:12-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде Алматы облысы Талғар ауданы аумағында болды. Сезімталдық туралы хабарламалар болған жоқ.

Бірақ жаңа жыл қарсаңында 28 желтоқсан күні сағат 23:17-де алматылықтар жер асты дүмпулерін сезінді. Құтқарушылардың айтуынша, қалада қирау болған жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы