Ақмола облысында жер үй өртеніп, үш адам опат болды

Сурет: pixabay
Ақмола облысында жер үйден шыққан өрттің кесірен үш адам өлді. Ұйықтап жатқан ерлі-зайыпты мен олардың екі жастағы сәбиі өртенген үйден шыға алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан орталығы Атбасардан 120 шақырымдағы Сочинское ауылында өрт түн ортасында басталған. КТК телеарнасының хабаралуынша, ұйқыда жатқан жұрт екі пәтерлі үйдің өртенгенін білмепті.

Ауыл тұсынан көлігімен өтіп бара жатқан азамат өртті байқап, өрт сөндірушілерге хабар берген. Атбасардан құтқарушылар жеткенше, Сочинскоедегі волонтер өрт сөндірушілер жасағы өртті сөндірген. Алайда 31-32 жастағы ерлі-зайыпты мен екі жастағы баланы да ешкім құтқара алмады.

"Атбасардағы өрт сөндіру бөліміне хабар түнгі сағат 2-де түсті. Бірден алты маман мен арнайы көлік аттанды, бірақ Сочинскоеға келгенде үйдің 80 пайызы жанып кеткен. Өртті кеш байқапты. Үйден үш адамның мәйіті табылды. Қазір техникалық сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр".Атбасар ауданы ТЖБ бастығы Ерболат Әшкенов

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды