Олардың айтуынша, бұл турфирманың жарнамасын әлеуметтік желілерде эстрада жұлдыздары мен белгілі айтыскер ақындар жасаған көрінеді. Ал жолға шыға алмай отырған жолаушылар Мекке мен Мәдинадағы қонақ үй түгілі, ұшаққа билет алынбағанын енді біліп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
"Кеше білдік, әуежайға да барып біліп жатырмыз, таныстар да хабарласып жатыр. Бронь да жоқ, виза да жоқ, тас та жоқ, бақа да жоқ. Бірақ ватсапта жазып жатыр, «ұшасыздар, ұшасыздар, хақ, иншалла, машалла, ұшасыздар, хақ», айтқан сөзі. «Хақ, хақ» дейді, қане хағы? .Маған мың долларыма мың доллардың үстіне 2 мың доллар ғып маған моральдық шығынмен қосып төлесін. Төлемей ме, мен көрсетем". Шымкент тұрғыны Қалдықыз Шекербек
Өзін Медетпін деп таныстырған турфирма директоры кеше ғана Мединада жүргенін айтып байланысқа шыққан. Алданып қалдық дегендер полиция шақырып, жаппай арыз жазған. Тергеушілер бір тәуліктің ішінде жағдайды анықтап, іс қозғамақ.
"Келісімшарт негізінде 12 қаңтарда ұшамыз деп, бүгінгі таңға дейін ол келісім орындалмаған. Соған байланысты арызданып келген. Одан бөлек, жалпы 17 тұрғын арызданған. Аталған арыз бойынша қазір сараптауталдау жүргізіліп, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болды". Шымкенттегі Еңбекші ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Ирбаев