ШҚО-да биіктігі 50 сантиметр қар жауды: құтқарушылар 14 адамды қар құрсауынан шығарды

Сурет: pixabay
21 қаңтарда кешке Шығыс Қазақстан облысындағы "Омбы-Майқапшағай" күре жолында боран салдарынан жол көрінбей, қозғалысқа шектеу енгізілді. Жауған қардың биіктігі шамамен 50 сантиметрге дейін жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері түні бойы республикалық маңыздағы автотрассаның жабық учаскесін қардан тазалап, жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетті. 

Арнайы техниканың көмегімен жолшылар қар құрсауынан 6 көлікті шығарып алды. 14 адам құтқарылды. Олар жақын маңдағы Үлкен Қаратал және Қаратал ауылдарына жеткізілді.

Сағат 07:30-дан бастап жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев