Жолдың көрінуі нашарлағандықтан үш облыста көлік қозғалысы шектелді

Сурет: Zakon.kz
Жол бойында көрінудің нашарлауына байланысты республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ-ның Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өңірлік филиалдарының күштері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысында тіркемелі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін:

Сондай-ақ автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі жол учаскелерінде шектелді:

ШҚО-да тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолының Қалбатау ауылынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жетісу облысында Үшарал – Достық күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ұлттық компания көлік жүргізушілерге ауа райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет екенін ескертті.

"Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады". "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды