Ерке Есмахан келіндік өмірі мен ұлының RaiM-ға көзқарасы туралы айтты

Сурет: Instagram/erke_esmahan
Әнші Ерке Есмахан RaiM-мен некелескеннен кейін біраз уақыт желіде көрінбей кетті. Осы жолы ол оқырмандардың сұрақ қоюын ұсынып, кейбір сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мені сағыныпсыздар ғой, не жаңалық?" деп сұрады әнші Instagram-дағы оқырманынан. Оған қоса Ерке ақ орамалына көрімдік сұрады.

"Оралда аз уақыт болып қайттық. Орамалыма көрімдік ал", - деп жазды әнші.

Ерке Есмахан келіндік өмірінен хабар берді. Ол қайын атасынан гүл алғанын айтты.


"Оралда кешке теледидар қарап отырсақ, папам маған тосынсый қылып, гүл әкеліп тұр. Қуанышымда шек болмады. Келін деген сөз естімедім әлі. Мені "Қызым, Еркежан" деп еркелетеді. Келіндік өмірімді әлі көрсетемін ғой. Әбіржіп жүргенімді көруге асықпаңыздар", - деп жазды Ерке.

Оқырман әншіден мәхрге не алғанын да сұрады. Қалыңдық RaiM-нан аппақ тұлпар сұраған.

RaiM Еркенің ұлы Мұслимді мектептен алып қайтады екен. Еркенің айтуынша, олар бір-бірін бұрыннан біледі. 

"Қазір тіпті араларында ерекше махаббат орнады. Шүкір. Мен мысалы, оны мектепке апарып, алып келмеймін ғой. Ол болса, қамқорлығын төгіп жатыр. Муслим бақытты", - деді Ерке Есмахан.

Ерке Есмахан мен RaiM (Райымбек Бақтыгереев) 20 қаңтарда шариғат бойынша мешітте некесін қиғанын хабарлады. Кейіннен RaiM қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол халықтан хейтті тоқтатуды өтінді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді