Бейсенбіде елорда мен еліміздің алты өңірінде боран әрі тұман болатыны болжанды

Сурет: pixabay
26 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің алты облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астанада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. 

Жетісу облысында Алакөл ауданында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қарлы жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.  

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қарлы жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында тұман болады деп болжанады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз өңірдің көп бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты