Тұман, қар аралас жаңбыр, көктайғақ. Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
3 ақпанда Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман түседі деп болжанады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Қызылорда қаласында да көктайғақ болады, тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтауда күндіз қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. 

Павлодар облысының батысында тұман түседі. Павлодарда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда
Алматы облысы
Ақтау
Орал
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз