Қазақстанның көп өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктері 4 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында көктайғақ болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ сақталады, тұман түседі. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ болады. Жел батыс бағыттан шығыс бағытқа ауысады, облыстың батысында және шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Алматыда 4-6 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының шығысында бұрқасын соғады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман болады. 
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады