Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдардан пара алған шенеунік ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің № 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпарат бойынша, ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді.

"Тергеу соты күдіктіні "электрондық білезікті" қолдану арқылы "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство өкілдері тергеу жүріп жатқанын нақтылады.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ Түркістан облысында полиция бастығының бұрынғы орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды